«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасына   БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

    «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 қарашадағы
№ 1002 қаулысын және «2023 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 987 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) әзірленді.

   Бұйрық жобасымен республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бюджеттік кіші бағдарламаларын ашу бойынша толықтырулар енгізілді және осы нысаналы трансферттерді іске асыру үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік кіші бағдарламалары ашылды.

   Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2023 жылғы 06 желтоқсанда орналастырылды.