«Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде аудиторлық қызметті жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қою туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде аудиторлық қызметті жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қою туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2023 жылғы 27 қарашада Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде аудиторлық қызметті жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» №41-VIII Заңға қол қойды. 

Келісімнің мақсаты – Одақта аудиторлық қызметтердің бірыңғай нарығын қалыптастыру, орналасқан елде қосымша мекеме ашпастан, шектеулер мен алып қоюларсыз аудиторлық қызметтерді көрсету және алу, аудиторлардың біліктілік аттестаттары мен аудиторлық қорытындыларын өзара тану.

Келісім аудиторларға, аудиторлық ұйымдарға, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға құқықтың туындауы мен тоқтатылуына, емтихандарға, сапаға сыртқы бақылауға және аудиторлық қызмет стандарттарына бірыңғай талаптарды айқындайды.

Осы Келісімді іске асыру үшін ҚР Қаржы министрлігі мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының өкілдерімен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер органдарының аудиторлық қызмет саласындағы өзара іс-қимыл тәртібі туралы келісімнің жобасын әзірлейді.

Келісім Еуразиялық экономикалық комиссияның тиісті шешімі қабылданғаннан кейін күшіне енеді.