
Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары мен ведомствоға қарасты ұйымдарының қызметкерлері арасында Ұлттық валюта - Теңгенің 30 жылдығына және Қазынашылық органдарының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған спартакиада өтті.
Спартакиаданың мақсаты - мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын, бұқаралық спортты насихаттау және дамыту болып табылады. Спартакиаданы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев құттықтау сөзімен ашты.
Спартакиадаға 200-ге жуық қызметкер қатысты. Командалар спорттың 5 түрінен жарысты: мини-футбол, волейбол, үстел теннисі, 100 метрге жүгіру және эстафета. Жарыстың қорытындысы бойынша спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
- футболдан бірінші орынды Министрліктің Орталық аппарат, екінші орынды Проблемалық кредиттер қоры, үшінші орын Электрондық қаржы орталығы және Мемлекеттік кірістер комитеті командалары иеленді;
- волейболдан бірінші орынды Проблемалық кредиттер қоры, екінші орынды «Nur Zholy Customs Service ЖШС», үшінші орынды Қазынашылық комитеті және Электрондық қаржы орталығы командалары иеленді;
- үстел теннисінен командалық есепте бірінші орынды ҚМ Орталық аппараты, екінші орынды Электрондық қаржы орталығы, үшінші орынды Мемлекеттік кірістер комитеті командалары иеленді;
- 100 метрге жүгіру бойынша әйелдер арасында бірінші орынды «Nur Zholy Customs Service ЖШС», екінші орынды Проболемалық кредиттер қоры, үшінші орынды Қазынашылық комитеті иеленді командалары иеленді;
-100 метрге жүгіру бойынша ерлер арасында бірінші орынды Электрондық қаржы орталығы, екінші орынды Проблемалық кредиттер қоры, үшінші орынды Қазынашылық комитеті командалары иеленді;
- эстафета бойынша командалық жарыста бірінші орынды Проблемалық кредиттер қоры, екінші орынды Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, үшінші орынды «Nur Zholy Customs Service ЖШС» командалары иеленді.
Жалпы командалық есепте спартакиада көшбасшылыры: Проблемалық кредиттер қоры (бірінші орын), Электрондық қаржы орталығы (екінші орын), «Nur Zholy Customs Service ЖШС» командалары (үшінші орын).