Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізіледі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір  бұйрықтарына өзгерістер енгізіледі

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір  бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасына

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

 

 

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір  бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық) Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы», «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің талаптарына сәйкес әзірленген.

Бұйрық «Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау» и «Сәйкестік аудит»ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына өзгерістер қарастырады.

Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Бұйрық нормативтік құқықтық актілердің ашық порталында (http://legalacts.egov.kz) заңында – 2022 жылдың 8 желтоқсан айында орналыстырылды.

Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау өткізу мерзімі – 2023 жылдың 25 желтоқсанына дейін.