Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров Ақмола облысы тұрғындарымен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров Ақмола облысы тұрғындарымен кездесу өткізді

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров Ақмола облысы тұрғындарымен онлайн форматта кездесу өткізді.

Кездесудің басты тақырыбы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің қызметі бойынша өзекті мәселелері».

Кездесуде Ақмола облысы тұрғындары мен заңды тұлғалардың өкілдері белсене қатысып, қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде ішкі мемлекеттік аудит комитеті Қазақстан Республикасы Заңнамалық нормаларын іске асыру және мемлекеттік сатып алу мен мемлекеттік аудитті жүргізу тәртібін түсіндіру мақсатында тұрақты түрде халықпен кездесулер өткізеді.