«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік
есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары–Қаржы министрінің бұйрық жобасына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық) мыналарға сәйкес әзірленді:
1) Бюджет кодексімен 88–бабының 1–тармағымен;
2) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 9–1–Н бұйрығын орындау мақсатында;
3) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 11–1–Н бұйрығын орындау мақсатында.
Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.
Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) 2023 жылдың 29 қарашада орналыстырылды.
Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау өткізу мерзімі – 2023 жылдың
14 желтоқсанға дейін.