
Б. Тұяқов Қостанай және Петропавл қалаларында Министрлік комитеттерінің аумақтық департаменттерінің ұжымымен кездесті.
Жұмыс сапарының мақсаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру болып табылады.
Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі уәкіл Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандары, Солтүстік Қазақстан облысының Есіл және Айыртау аудандарына барып, Мемлекеттік кірістер және Қазынашылық басқармалардың мемлекеттік қызметшілерімен әңгімелесу және жеке қабылдау өткізді.