
Бүгін «Электрондық қаржы орталығы» АҚ-мен Еуразиялық экономикалық комиссияға және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алудың электрондық жүйесінің таныстыруы өткізілді.
Таныстыру барысында «Электрондық қаржы орталығы» АҚ-ның қызметі және Қазақстанның мемлекеттік сатып алу веб-порталы туралы ақпарат ұсынылды.
Сондай-ақ, рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс және электрондық дүкен тәсілімен өткізу тетігі көрсетілді.
Тәжірибе алмасу шеңберінде Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекеттік сатып алуды цифрландыру туралы баяндамалары ұсынылды.