
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің басшылығымен Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен ауылдарды тексерген үкіметтік комиссияның жұмысына қатысты.
Үкімет мүшелері Жеңіс, Жаңатұрмыс және Достық ауылдарындағы, үйлері қалпына келмейтін отбасыларға салынып жатқан Мырзакент кентіндегі 500 пәтерлі жаңа тұрғын үй құрылысының барысымен танысты.
Олар сондай-ақ Нұрлыжол және Өргеба ауылдарындағы зардап шеккен тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын қарап, тұрғындармен кездесіп, су тасқынынан зардап шеккен адамдардың қажеттіліктерін сол сәтте шешуге тырысты.
Мемлекеттік инспекция ауылшаруашылығын және халықты ауызсумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарына тоқталды. Атап айтқанда, ирригациялық желілерді жаңарту, жаңбырлатып суару технологияларын енгізу және Түркістан ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің материалдық-техникалық базасы.
Үкімет басшысының жергілікті фермерлермен және активпен кездесуінде аймақтың одан әрі экономикалық даму жоспарлары талқыланды.