«Қаржы нарықтарын трансформациялаудағы биржалардың рөлі» халықаралық биржалық форумы

«Қаржы нарықтарын трансформациялаудағы биржалардың рөлі» халықаралық биржалық форумы

Теңгенің 30 жылдығын мерекелеу құрметіне Алматы қаласында өтіп жатқан «Қаржы нарықтарын трансформациялаудағы биржалардың рөлі» халықаралық биржалық форумы аясында ҚР қаржы вице-министрі
Дәурен Кеңбеил «Қазақстан мысалында МБҚ нарығын интернацияландандыру» тақырыбында панельдік пікікталасқа қатысты.


Панельдік талқылауда вице-министр Д. Кеңбеил JP Morgan GBI-EM халықаралық индексіне кіру, қазақстандық қор нарығына Euroclear халықаралық депозитарийін және бастапқы дилерлер институтын енгізу жөніндегі негізгі жоспарларға назар аударып, 2024 жыл аталған бағыттарда серпінді болуы тиіс екенін атап өтті.

Форум барысында ҚР Қаржы министрлігінің қазақстандық капитал нарығын дамытуға қосқан үлесі атап өтіліп «Қазақстан капитал нарығын дамытуға қосқан үлесі үшін» марапаты табысталды.