Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулысының «Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтаулар мен нысаналы жинақтардың төлемдерін қалыптастыру және есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есептеу қағидаларын бекіту туралы»
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтаулар мен нысаналы жинақтардың төлемдерін қалыптастыру және есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының (бұдан әрі - Қаулы) жобасы әзірленді.
Қаулы жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық порталында (https://legalacts.egov.kz) – 2023 жылдың 15 қарашада орналыстырылды.