
Д. Темірбеков өз сөзінде мемлекеттік бюджетке 15,5 трлн. теңгеден астам кіріс түскенін және жоспар 98,3%-ке орындалғанын атап өтті.
Республикалық бюджетке 10,5 трлн. теңге түсті.
Жергілікті бюджеттердің кірістері 111,7%-ке орындалып, 5,1 трлн. теңгені құрады. Жоспар 534 млрд. теңгеге, оның ішінде салық бойынша - 474 млрд. теңгеге артық орындалды.
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,2%-ке, республикалық бюджет шығыстары 99,4% – ке, жергілікті бюджеттер шығыстары 97,2% - ке орындалды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 10 айында 1 886 аудиторлық іс-шаралардың өткізілгенін атап өтті. Аудитпен 1,3 трлн. теңгеден астам бюджет қаражаты қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша шамамен 228 млрд. теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері тауарларды жеткізу арқылы қалпына келтіру, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және оны есепке алу жолымен 171 млрд. теңгеге бұзушылықтар жойлды.
Сөз соңында Д. Темірбеков 2021 - 2025 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарының іске асырылуы туралы айтты.