«2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, Арнаулы мемлекеттік қор және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасы әзірленді.
Жаңа бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) ашу бөлігінде республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары бойынша өзгерістер енгізілді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2023 жылғы 10 қарашада орналастырылды.