
Ресей Президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды, оның ішінде «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы кеден қызметтері өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ресей Федерациясы Федералдық кеден қызметінің 2024-2025 жылдарға арналған өзара іс-қимылы бойынша іс-шаралардың бірлескен жоспарына» қол қойылды.
Құжатқа Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Жандос Дүйсембиев және Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметі Басшысының міндетін уақытша атқарушы Руслан Давыдов қол қойды.