«Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес әзірленді.
Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының орынбасарлары 2023 жылғы
29 тамызда Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) қол қойды.
Заң жобасының мақсаты Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау болып табылады.
Заң жобасын қабылдау мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу саласындағы ынтымақтастықты ұзақ мерзімді және тұрақты негізде нығайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ бір мүше мемлекеттің аумағында тіркелген әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілердің басқа мүше мемлекетте өткізілетін мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуға қатысуға кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Заң жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға алып келмейді.
Заң жобасы 2023 жылғы 2 қарашада ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14778502) орналастырылды.
Заң жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылғы
23 қарашаға дейін.