«Берешек сомасы туралы хабарламалардың және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрығының жобасының Баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен «Берешек сомасы туралы хабарламалардың және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.

Жоба «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының күші жойылды деп танылуына байланысты Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 256-бабының 2 және
3-тармақтарын, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2 және 3-тармақтарын іске асыруға әзірленді.

Бұл Жоба https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14777906  ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2023 жылдың 2 қарашада орналастырылған.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылдың 16 қарашаға дейін.