«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржыны басқарудың 2030 жылға дейінгі 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс қимыл жоспарының 9-тармағымен, , Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 11-7-Н нұсқамасын, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатаның 2023 жылғы 22 мамырдағы «Республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы» № 9-1-Н нұсқамасын орындау мақсатында әзірленген.
Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.
Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) 2023 жылдың 20 қазанда орналыстырылды.
Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау өткізу мерзімі –
2023 жылдың 10 қарашасына дейін.