Бағалау қызметі саласында цифрландыруды енгізу бойынша баспасөз-релизі

Бағалау қызметі саласында цифрландыруды енгізу бойынша баспасөз-релизі

2023 жылы 30 қазанда бағалау қызметі саласында цифрландыруды енгізу мәселесі бойынша «АЕО» АҚ-ның Басқарма төрағасының, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, екінші деңгейлі банктердің (Қазақстан Халық банкі АҚ, «Bereke Bank» АҚ, «KASPI BANK», «Bank RBK» АҚ) (бұдан әрі - ЕДБ) сондай-ақ, бағалау қоғамдастығының өкілдерімен бірлескен кеңес өткізілді.

Несиелік процесс және несиеден кейінгі қызмет көрсету рәсімдерін оңайлату шеңберінде бағалау туралы электрондық есепті, сондай-ақ қызметтерді көрсету кезінде жалпы құжат айналымын пайдалану мүмкіндігін іске асыру мақсатында ЕДБ бағалау туралы электрондық есептерді енгізуді ұсынды.

Бұл ретте, «BAGALAU» ақпараттық жүйесі ЕДБ-нің кепілге қойылған мүлікті бағалау туралы есептерге қол жеткізуін ұсыну жөніндегі талаптарға жауап береді.

Кеңес қорытындысы бойынша ЕДБ өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін бағалаушылардың осы есептерді ұсыну мерзімін 3 жұмыс күніне дейін қысқарту жөнінде шешім қабылданды.

Осыған байланысты, Министрлік Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына өзгерістер  енгізу бойынша жұмыс жүргізетін болады.

Бұдан басқа, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде бағалаушылардың электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, электрондық жүйеде бағалау туралы есептерді қалыптастыру мақсатында бұдан әрі бағалаушылар палаталарымен бірлесіп, «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы орта мерзімді перспективада бағалау туралы есептің электрондық форматына көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейтін болады.