Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мажарстанның Қаржы министрі Михай Варгамен кездесуі туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мажарстанның Қаржы министрі Михай Варгамен кездесуі туралы

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мажарстанның Қаржы министрі Михай Варгамен кездесті.

Өз кезегінде, Ерұлан Жамаубаев жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар, елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі жұмыстар және екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту перспективалары туралы айтып өтті.

Ол сондай-ақ Қазақстан Мажарстанмен қарым-қатынастың стратегиялық сипатын жоғары бағалайтынын және одан әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа сенімді екенін атап өтті.