
Өз сөзінде ол 2024 жылға түсімдер 20,4 трлн. теңге деңгейінде болжанатынын атап өтті.
Бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 2,6% деңгейінде бағаланады.
Келесі жылға арналған бюджет шығыстары шамамен 24 трлн. теңгеге жоспарланған.
Бюджет шығыстарының негізгі үлесі әлеуметтік салаға тиесілі және 2024 жылғы бюджет шығыстарының 40%-дан астамын құрайды.
Тұтастай алғанда, республикалық бюджеттің параметрлері теңдестірілген және Мемлекет басшысының бастамаларын және «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған мемлекеттік шығыстарды қаржылық тұрақтылықты сақтай отырып ұлғайтуды көздейді.
Жоба 2023 жылдың 1 қарашасында ҚР Парламент Мәжілісімен қабылданды.
#ҚР_ҚМ_баспасөз_қызметі