Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 212-бабына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 723 бұйрығымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының 8-тармағына сәйкес «Жетісу облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы әзірленген.
Осы бұйрықтың жобасы 2023 жылғы 2 қарашада http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілерінің интернет-порталында орналастырылған.
Жария талдауды өткізу мерзімі – 2023 жылғы 16 қарашаға дейін.