
Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын ұсынды.
Өз сөзінде ол 2024 жылға түсімдер 20,4 трлн. теңге деңгейінде болжанатынын атап өтті.
Бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 2,6% деңгейінде бағаланады.
Келесі жылға арналған бюджет шығыстары 2023 жылға қарағанда 1,5 трлн. теңгеге ұлғаюмен жоспарланып, шамамен 24 трлн. теңгені құрайды.
Жалпы, республикалық бюджеттің басым бөлігі мемлекеттік және әлеуметтік міндеттемелерді толық іске асыруға және өңірлерді дамытуға бағытталған. Осылайша, индекстеуді ескере отырып, зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге 5,4 трлн. теңге, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, оның ішінде «Ауыл шаруашылығын жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға 2,4 трлн. теңге бағытталатын болады. Сондай-ақ, білім беру саласын дамытуға, атап айтқанда, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға 1,7 трлн. теңге бөлінеді.
Ерұлан Жамаубаев Өңірлерді дамыту шығындарының параметрлері туралы да айтты. Бұл мақсаттарға 7 трлн. теңгеден астам қаржы қарастырылған.
Халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында азаматтарды жұмысқа орналастыруға 3,5 трлн. теңге жоспарланған. Оның ішінде 2,5 трлн. теңгесі 1,5 млн-нан астам қызметкердің жалақысын көтеруге қарастырылған.
Экономиканың нақты секторын дамытуға 2,8 трлн. теңге бағытталатын болады. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібін дамыту, бизнесті қолдау және басқа да басым міндеттерді іске асыру жоспарлануда.
Күш құрылымдарының шығыстарына 2,6 трлн. теңге көлемінде жоспарлануда.
Жалпы, бюджеттің бұл параметрлері Әлеуметтік және басқа да міндеттемелерді уақтылы орындауға, сондай-ақ Мемлекет басшысының міндеттерін сапалы іске асыруға мүмкіндік береді.
#ҚР_ҚМ_баспасөз_қызметі