
Бүгін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі БҰҰ–ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен (ЮНЕП) шеңберінде және «ECOJER» Қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығымен Қазақстан Республикасындағы тұрақты мемлекеттік сатып алуларда экомаркировканы іс жүзінде қолдану бойынша бірлескен өңірлік дөңгелек
устел өткізілді.
Осы іс-шарада тұрақты мемлекеттік сатып алудың үздік тәжірибелеріндегі экомаркировка туралы ақпарат, Орталық Азия және Еуропа елдерінің озық тәжірибесі мен алған сабақтары, халықаралық зерттеулердің қорытындылары ұсынылған.
Дөңгелек үстел барысында айтылған ұсыныстар мен ұсынымдар мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң жобасын іске асыру шеңберінде қаралатын болады.