
Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық департаменттері басшыларының қатысуымен ағымдағы жылдың 9 айындағы қызметін қорытындылады.
Отырыс барысында Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының Комитет қызметінің негізгі қорытындылары және департаменттердің рейтингтік бағалары, электрондық аудит, 2022 жылғы қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері, сапаны бақылау, камералдық бақылау, аумақтық бөлімшелердің заң қызметінің жай-күйі туралы, сондай-ақ департаменттердегі орындаушылық тәртіп туралы баяндамалары тыңдалды.
Комитет төрағасы Е. Т. Мыңжасаров ағымдағы жылдың соңына дейін бірқатар міндеттер қойып, комитет қызметін жақсарту жөнінде тапсырмалар берді.