
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«2010 жылғы 3 қыркүйекте Астанада жасалған
Хаттамамен енгізілген өзгерістермен
1999 жылғы 21 қазанда Бернде жасалған
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швейцария Федералдық Кеңесi арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға және Хаттамаға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швейцария Федералдық Кеңесi арасындағы Хаттамаға қол қою туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
«2010 жылғы 3 қыркүйекте Астанада жасалған Хаттамамен енгізілген өзгерістермен 1999 жылғы 21 қазанда Бернде жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швейцария Федералдық Кеңесi арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға және Хаттамаға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швейцария Федералдық Кеңесi арасындағы Хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі- Жоба) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағына және 8-бабы
2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Жобаның мақсаты қолданыстағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швейцария Федералдық Кеңесi арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияны Салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кетуге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық келісімдерге қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты конвенцияға (бұдан әрі – Көпжақты конвенция) сәйкес келтіру мақсатында Хаттама жобасына қол қою болып табылады.
Қазақстан Республикасы ЭЫДҰ-ның BEPS шаралар пакетін имплементациялау шеңберінде 2020 жылы Көпжақты конвенцияға (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 20 ақпандағы № 304-VІ Заңымен ратификацияланған) қосылды.
Жоба ратификациялауға жатады.
Жобаны қабылдау республикалық бюджеттен қаржы бөлуді талап етпейді.
Жоба 2023 жылғы 24 қазанда Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (http://legalacts.egov.kz).
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі-2023 жылғы 8 қарашаға дейін.