ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысын өткізді.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Отырыс барысында Е. Жамаубаев мүдделі мемлекеттік орган өкілдерінің баяндамаларын тыңдады.

Атап айтқанда, жеке деректерді қорғау саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімін ұлғайту бойынша реттеушілік әсерді талдау нәтижелері мақұлданды.

Сонымен қатар, кедендік төлемдер мен салықтар сомасының белгілі бір пайызын есептеу бойынша реттеушілік әсерді талдау нәтижелері мақұлданды.

Қорытындылай келе, Е. Жамаубаев мемлекеттік органдарға реттеудің жаңа құралдарын енгізу мәселелері бойынша бизнес-қоғамдастық өкілдері үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.