2023 жылғы 18-19 қазанда Ташкент қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бухгалтерлік есеп жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Аталған отырысқа Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Беларусь Республикасы қатысты.
Үйлестіру кеңесі салалық орган болып табылады және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу, бухгалтерлік (қаржылық) есептілікті жасау, аудиторлық қызметті ұйымдастыру регламентіне бастапқы талаптарды әзірлеу, сондай-ақ ұлттық есеп және аудит жүйелерін ХҚЕС және ХАС-пен жақындастыру және үйлестіру мәселелері бойынша іс-қимылдарын үйлестіру мақсатында құрылды.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде бухгалтерлік есеп пен аудиторлық қызметті реттеудің ұлттық жүйелерінің бар айырмашылықтарына қарамастан, оларды дамытудың негізгі бағыттары - ХҚЕС және ХАС-пен үйлестіру сәйкес келеді. Бұған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі бухгалтерлік есеп пен аудиторлық қызмет мәселелерін реттейтін уәкілетті органдардың Үйлестіру кеңесі шеңберінде белсенді және тиімді ынтымақтастықтың арқасында қол жеткізілді.
Үйлестіру кеңесінің XIX отырысында бухгалтерлік есеп пен аудиторлық қызметтің ұлттық жүйелерін дамыту, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын (ХҚЕС) және Халықаралық аудит стандарттарын (ХАС) дәйекті және біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Үйлестіру кеңесінің мүшелері бухгалтерлерді сертификаттаудың ұлттық жүйелерін дамыту, қаржылық және қаржылық емес ақпаратты ашу мақсатында жария ұйымдар үшін өлшемдер белгілеу, сондай-ақ міндетті аудит, сандық активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және олар туралы ақпаратты ашу және т.б. сияқты өзекті реттеу мәселелері бойынша тәжірибелерімен және кәсіби көзқарастарымен бөлісті.
Бұл алаң үздік тәжірибені қолдану үшін жақсы көмек болып табылады, бұл әсіресе бухгалтерлік есеп пен аудиторлық қызмет саласында көрсетілетін қызметтер нарығын ашу қарсаңында өзекті болып табылады.