
Бүгін ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Келдібайұлы Тоқбаев Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен онлайн форматта кездесу өткізді.
Рахат Тоқбаев баяндамасында қазынашылық органдарының қызметі мен міндеттері туралы әңгімеледі, сондай-ақ, бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету және электрондық депозитарийді жүргізудегі қазынашылық органдары қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті.
Кездесу барысында Р. Тоқбаев азаматтардың азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу, жеке тұлғаларға шот ашу, ақпараттық жүйесінің жұмысы, құжаттардың өңделу мерзімі туралы сұрақтарына жауап берді.