
Мемлекеттік қаржы жөніндегі Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы «Электрондық қаржы орталығы» АҚ алаңында өтті.
Іс-шараға ҚР Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
«Электрондық қаржы орталығы» АҚ төрағасы Яхия Төлешов Қоғамдық кеңес мүшелеріне осы жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруға арналған Тәуекелдерді басқару жүйесін таныстырды. Айта кету керек, аталған жүйені одан әрі жетілдіру мақсатында азаматтық сектордың сараптамалық қорытындысы әзірленетін болады.
Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері ақпараттық жүйелерді одан әрі жетілдіру бойынша пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты.