Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Салық кодексіне енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Салық кодексіне енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Салық кодексіне енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы аясында халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту көзделіп отыр. Ол үшін жеке тұлғалардың берешегі микроқаржылық ұйымдармен, коллекторлық агенттіктермен кешірілген кезде қалыптасатын кірістері салық салудан босатылмақ.

Сондай-ақ, жеке тұлғалардың проблемалық микрокредиттері есептен шығарылуына байланысты микроқаржы ұйымдарының кірістерін салықтан уақытша (үш жылға) және балаларға Ұлттық қор табысынан аударылатын нысаналы жинақтарды салықтан босату қарастырылды.

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың (АЭА) қатысушылары мен басқарушы компанияларына олардың жобаларының құнына қарай салық жеңілдіктерін берудің сараланған тәсілі енгізіледі.

Кодексте басқа да түзетулер қарастырылған.