
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Қазынашылар аллеясын» ашты.
Қазақстан қазынашылығының 30 жылдық мерейтойына орай «30 игі іс» акциясының аясында Қазынашылық комитетінің қызметкерлері төраға Рахат Тоқбаевтың бастамасымен Қабанбай батыр даңғылының бойындағы саябаққа 30 шырша отырғызды.