Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 212-бабына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 723 бұйрығымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының 8-тармағына сәйкес «Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы әзірленген.
Осы бұйрықтың жобасы 2023 жылғы 16 қазанда http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілерінің интернет-порталында орналастырылған.
Жария талдауды өткізу мерзімі – 2023 жылғы 31 қазанға дейін.