ЭЛЕКТРОНДЫҚ КОММЕРЦИЯ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ КОММЕРЦИЯ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ

Бүгін «Электрондық қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Яхия Төлешев Digital bridge 2023 форумы аясында «Электрондық коммерция: технологиялар және реттеу» сессиясында электронды коммерция нарығын дамыту бойынша өзекті тақырыпты талқылауға қатысты.

Қазіргі таңда ЕАЭО елдеріндегі электрондық коммерция нарығын реттеу мәселелері белсенді түрде талқылануда.
Қолданыстағы тұжырымдамаға сәйкес, электрондық коммерцияны реттеу ұлттық деңгейден, жоғары сатыға көшті. Осы тұрғыда, қатысушылар, олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты көптеген сұрақтар туындауда. Яхия Төлешевтің айтуынша, электрондық коммерция нарығын осылайша реттеу қажеттілігі  мәселесі, әр елдің нақты жағдайы мен мүддесіне байланысты.


«Кейбір елдер мұны өз экономикалары үшін пайда деп санауы мүмкін, ал басқалары тәуелсіз тәсілді қалайды. Электрондық коммерция нарығын тиімді және әділ реттеуді қамтамасыз ету үшін бірыңғай стандарттар мен ұлттық ерекшеліктерді ескеру арасында теңгерімді сақтау маңызды. Ал ең басты мақтап-түптеп келгенде тұтынушы үшін тиімді әрі пайдалы жағдай жасау», – деді Яхия Жаңабайұлы.

Digital Bridge форумы – технологияға арналған Қазақстандағы ең ірі шара. 2023 жылы форум маңызды тақырыпқа арналады: ARTIFICIAL AND HUMAN INTELLIGENCE: THE RIGHT BALANCE.