
Бүгін Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржының атқарылуы туралы баяндады.
Өз сөзінде Е.К. Жамаубаев мемлекеттік бюджетке 13,8 трлн. теңгеден астам кіріс түсіп, жоспар 97,0%-ке орындалды.Республикалық бюджетке 9,2 трлн. теңге кіріс түсті.
Жергілікті бюджет кірістері 116,8%-ке орындалып, 4,7 трлн. теңгені құрады. Жоспар 669 млрд. теңгеге, оның ішінде салық бойынша 622 млрд. теңгеге артық орындалды.Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 99,3%-ке, республикалық - 99,6%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 99,5%-ке орындалды.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың 9 айында 1709 аудиторлық іс-шара жүргізілгенін атап өтті. Аудитпен 1,2 трлн. теңгеден астам бюджет қаражаты қамтыды. Жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша шамамен 194 млрд. теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері тауарларды жеткізуді қалпына келтіру, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 158 млрд. теңгеге бұзушылықтар жойылды.
Сөз соңында Ерұлан Жамаубаев 2021 - 2025 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарының орындалу барысы туралы айтты.