Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаевтың БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Вавьерниа Катаржинамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында 2021-2025 жылдарға арналған Елдік бағдарламаны іске асыру аясында Қазақстан Республикасы мен БҰҰ Даму бағдарламасы арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі талқыланды. Сондай-ақ, тараптар өңірлерді, экономиканың «жасыл» секторларын және институционалдық реформаларды дамытудағы Елдік бағдарламаның өзекті және перспективалық бағыттарын атап өтті.