
Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Парламент Мәжілісінде 2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде аудиторлық қызметті жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялау туралы Заң жобасын ұсынды.
Өз сөзінде ол келісімнің негізгі мақсаты Одақтың аудиторлық қызметтерінің бірыңғай нарығын қалыптастыру, шектеусіз және алып қоюсыз, орналасқан елде қосымша мекемесіз аудиторлық қызметтерді жеткізу және алу, аудиторлардың біліктілік аттестаттары мен аудиторлық қорытындыларды өзара тану болып табылатынын атап өтті.
Осы Келісім аудиторларға, аудиторлық ұйымдарға, аудиторлық қызметті жүзеге асыру құқығының пайда болуы мен тоқтатылуына, емтихандарға, сапаны сыртқы бақылауға және аудиторлық қызмет стандарттарына қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды.
Өз сөзінің соңында Ерұлан Жамаубаев аталған келісімді ратификациялау еліміз үшін жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайтынын және республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейтінін атап өтті.