Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 225-2-бабының 1-тармағына сәйкес «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамына экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленген.
Жобаны іске асыру «KazakhExport» ЭСК» АҚ капиталына қосымша ақша қаражатын бөлуді жүзеге асырмай, қабылданған сақтандыру міндеттемелерінің көлемін ұлғайтуға, Қазақстанның экспорттық мәмілелерін қаржыландыруға халықаралық капиталды тартуға, сондай-ақ отандық экспорт географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.