
Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесуі өткізді.
Кездесу барысында Мемлекет Басшысының 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы халқына жолдаған жолдауын іске асыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды сондай ақ, жаңа Салық кодексінде әзірленіп жатқан қағидаттары мен тәсілдері туралы айтылды, соның шеңберінде салықтық әкімшілендіру процестерін одан әрі, автоматтандыру және цифрландыру, салықтар санын қысқарту, кәсіпкерлер үшін салық салуды оңайлату туралы және т.б. мәселелер қарастырылды.
Іс-шара барысында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов салық органдарының жұмысы туралы халықтың пікіріне, сонымен бірге салықтық әкімшілендіруді оңайлату жөніндегі ұсыныстарға ерекше назар аударды.