Жетісу облысы Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесу

Жетісу облысы Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесу

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы Вице-министрі Д.О. Темірбеков және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Б.К. Тәшенов Жетісу облысы Талдықорған қаласының тұрғындарымен онлайн форматта кездесу өткізді.Кездесуге Талдықоған қаласы әкімдігінің Қаржы басқармасының басшысы Ж.Н. Керімбекова, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның Активтерді жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің басшысы Д.А. Адиходжаев, сондай-ақ баспа БАҚ өкілдері қатысты.

Дәурен Темірбеков жекешеледірудің тарихы туралы қысқаша айтып кетті, сондай-ақ жекешелендіру және ірі ұлттық компаниялардың IPO-сын өткізу арқылы экономиканы одан әрі мемлекет иелігінен шығару міндеттері туралы және жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын жалпы республика және Жетісу облысы бойынша іске асыру туралы баяндады.

Кездесу қатысушылары жекешелендірудің мақсаты, IPO және SPO қатысу рәсімдері бойынша, сондай-ақ монополиясыздандыру және тәркіленген мүлікті пайдалану шеңберінде жүргізілген жұмыс туралы сұрақтар қойды.

Қойылған барлық сұрақтарға жауап берілді, сондай-ақ IPO және SPO туралы қойылған сұрақтарға жауаптарды «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ өкілдері толықтырды.

Кездесу барысында ресми тәртіпте өтініш жасау - мемлекеттік органмен бірге проблемалық мәселені шешудің тиімді тәсілі екендігі айтылды.