«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің бұйрық жобасы әзірленді

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің бұйрық жобасы әзірленді

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы
17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 года 27 маусымдағы № 129-VII Қазақстан Республикасы Заңын орындау шеңберінде әзірленген.

Бұйрық жобасының мақсаты квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру болып табылады.

 Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Бұйрық жобасы 2023 жылғы 27 қыркүйекте ашық нормативтік
құқықтық актілердің интернет-порталында  (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14730950) орналастырылды.

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылғы 11 қазанға дейін.