«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) мемлекеттік сатып алу заңнамасын жетілдіру шеңберінде әзірленген.
Бұйрық жобасының мақсаты бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілерде техникалық қадағалау және (немесе) жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтерді сатып алуды рейтингтік-балдық жүйеге көшіру болып табылады.
Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.
Заң жобасы 2023 жылғы 28 қыркүйекте ашық нормативтік
құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14732598) орналастырылды.
Заң жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылғы 12 қазанға дейін.