«Еңбек күніне» орай «Жұмыс орныңды балаларыңа таныстыр» атты ашық есік күні шарасы туралы

«Еңбек күніне» орай «Жұмыс орныңды балаларыңа таныстыр» атты ашық есік күні шарасы туралы

Бүгін ҚР Қаржы министрлігінде Орталық аппарат қызметкерлерінің балалары үшін ашық есік күні ұйымдастырылып, ата-ана қызметкерлер өзінің балаларын жұмыс орнына әкеліп, қызмет орнын көрсетіп, таныстырды.

Балалар ата-анасының қайда, қалай жұмыс істейтінін көріп, ғимаратты аралап болған соң, мәжіліс залына жиналып, Министрліктің басшылығымен кездесті. Кездесу барысында балаларға Министрліктің қызметі туралы, ата-анасының атқарып жатқан жұмысы және олардың еліміздің өркендеуіне қосып жатқан үлестері туралы ақпарат берілді.

Бұл шара ата-аналарымыз үшін де, балаларымыз үшінде өте маңызды. Оның нәтижесінде балалар өз ата-аналарының қайда жұмыс жасайтынын танып білді және болашақ мамандықты таңдауға мүмкіндік алды, сондай-ақ, ата-аналардың қызметтегі жауапкершілігін арттырып, ұжымдағы корпоративтік рухты нығайтуға септігін тигізді.

Балаларымыз аман, дендері сау болсын!