Қосылған құн салығын әкімшілендірудің жаңа тәсілдерін талқылау бойынша

Қосылған құн салығын әкімшілендірудің жаңа тәсілдерін талқылау бойынша

Мемлекет басшысының Жолдауы аясында  Алматы қаласындағы Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының алаңында Қосылған құн салығын әкімшілендірудің жаңа тәсілдері талқыланды.

Талқылау Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Р.М. Жүрсіновтың бастамасы бойынша ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш. Шолпанқұловтың, ҚР Қаржымині МКК төрағасының орынбасары Ж.М. Нұржановтың, екінші деңгейдегі жетекші банктердің (ЕДБ) басшыларының қатысуымен өткізілді.

​Талқылау барысында салықты есепке алудың жаңа нысандарын енгізу жолымен Қосылған құн салығын әкімшілендіру бойынша ұсыныстар қаралды. Мақсаты - процесті жеңілдету және автоматтандыру және Қосылған құн салығын жедел қайтару мәселелерін шешу.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар осы ұсынымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, механизмді одан әрі пысықтау бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыруға келісті.