ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев CITIC resources Holdings Limited Басқарма Төрағасы және бас атқарушы директоры Хао Вейбао бастаған CITIC тобының қытайлық компаниялар өкілдерін қабылдады.

Талқылау тақырыбы қазақ-қытай стратегиялық әріптестігін одан әрі дамыту перспективалары, ауқымды жобаларды әзірлеуге CITIC Resources инвестицияларының көлемін ұлғайту болды.

Делегация өкілдерін құттықтай отырып, Е. Жамаубаев Қазақстан ҚХР-мен екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға ерекше назар аударатынын атап өтті.

Хао Вейбао өз кезегінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мамыр айындағы сапарының оң мәнін, оның барысында бірқатар маңызды мемлекетаралық келісімдерге қол жеткізілгенің атап өтті.

Сондай-ақ, CITIC компаниясы Қазақстандағы перспективтік жобаларға одан әрі қатысу мүмкіндігін қарастырып жатқанын атап өтті.