
«Ашық бюджеттер» интернет-порталында бюджеттің атқарылуы туралы ақпаратты орналастыруды автоматтандыру міндеті аясында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бюджеттік есептердің белгілі бір түрлерін басқа мүдделі ұйымдарға қол жетімді қыратын API қызметін жасады.
API-ді енгізу мәліметтерді машина оқи алатын форматта алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар бюджеттік ақпараттың сапасы, өзектілігі және толықтығы тұрғысынан мәселелерді шешуге көмектеседі.
Бюджеттің атқарылуы туралы есептер, шоғырландырылған қаржылық есептілік, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақшаның қозғалысы туралы есеп, мақсатты трансферттер туралы есеп, «дебиторлық берешек және кредиторлық берешек» туралы есеп, сондай-ақ есептер шығару үшін пайдаланылған барлық анықтамалық құралдар мен классификаторлар қолжетімді.
Толық ақпарат пен сипаттаманы мына жерден қараңыз: https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/32293?lang=ru