
Бұл туралы «Электрондық қаржы орталығы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) хабарлайды. Ағымдағы жылдың 9 мамырынан бастап мемлекеттік сатып алу порталының жұмысы хакерлер шабуылына ұшырады. «Электрондық қаржы орталығы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) хабарлауынша ағымдағы жылдың 9 мамырынан бастап мемлекеттік сатып алу порталының жұмысы DDos шабуылының салдарынан қиындады. Мамандардың айтуынша, мұндай ауқымды хакерлік шабуыл бірінші рет болып отыр. Осы оқиға бойынша Электронды қаржы орталығы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК бірлесіп тиісті шаралар қабылдауда. Ағымдағы жағдайды ескере отырып, Компания пайдаланушылардан уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.
Уақытша қиындықтарға қарамастан, әлеуетті жеткізушілердің құқықтарын қорғау мақсатында, Компания осы кибершабу кезеңінде болған сатып алу мен шарттардың мақұлдану уақытын кейінге шегерді.
«Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесі мемлекеттік сатып алуды нақты уақыт режимінде жүргізуге арналған. Жүйе тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуге деген тапсырыс берушілердің қажеттіліктері туралы электрондық шарттардың жасалуын, олардың шоғырлануын, сатып алу рәсімдерінің жүргізілуін, өнім берушінің белгіленуін, жасалған шарттар және олардың мемлекеттік сатып алу веб-порталында орындалу нәтижелері туралы мәліметтердің жариялануын қамтамасыз етеді.
«Электрондық қаржы орталығы» АҚ баспасөз қызметі
Байланыс номері: 87711019985