2020 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы ҚР Үкіметінің отырысында Ә.А.Смайыловтың баяндамасы

2020 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы  мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы ҚР Үкіметінің отырысында Ә.А.Смайыловтың баяндамасы

 

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Құрметті әріптестер!

 

Ағымдағы жылғы 4 айдың қортындысы бойынша бюджеттің атқарылуының көрсеткіштері келесідей қалыптасты.

 

КІРІСТЕР БОЙЫНША

 

Мемлекеттік бюджетке 2 трлн. 663 млрд.теңге  кірістер  түсті немесе жоспар 103,9%-ке атқарылды. 

 

Республикалық бюджетке 1 трлн. 660 млрд.теңге кірістер түсті немесе жоспар 96,5%-ке атқарылды. Салықтар бойынша жоспар 61 млрд.теңгеге орындалмады. 

Оның негізгі сомалары қосылған құн және корпоративтік табыс салықтарының есебінен. 

Жоспардың орындалмауына сыртқы нарықтағы факторлар әсер етуде.

Мәселен, тау-кен саласынан түсімдердің  көлемі 17%-ке немесе 27 млрд.теңгеге азайды.

Оған негізгі экспорттық позициялар бойынша 2019 жылдың 4 айымен салыстырғанда орташа бағалардың 19%-ке және ағымдағы жылдың басынан 15%-ке төмендеуі себеп болды.

 

 

Қызмет көрсету салаларынан да түсімдер азайды.

Ішкі тауарларға салынатын қосылған құн салығы 24 млрд.теңгеге орындалмады.

Себебі қосылған құн салығын қайтарылу сомасы былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есе өсті немесе 147 млрд.теңгені құрады.

 

 

Импортқа салынатын қосылған құн салығы 31 млрд.теңгеге орындалмады.

Оған үшінші елдерден әкелінетін импорт көлемінің қысқаруы себеп болды.

Қытайдан келетін импорттың көлемі 14,5%-ке төмендеді, яғни 252 млн.долларға.

Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланудан түскен  салықтар 17,2 млрд.теңгеге және шикі мұнайға салынтын кедендік әкету бажы жоспардан – 9,8 млрд.теңгеге асыра орындалды.

 

Жергілікті бюджетердің өз кірістері 119%-ке орындалып, 1 трлн. 3 млрд.теңгені құрады.

Жоспар 161 млрд.теңгеге асыра орындалды, оның ішінде   153 млрд.теңге – салықтар есебінен. 

Барлық өңірлерде кірістердің жоспары артығымен орындалды.

 

ШЫҒЫСТАР БОЙЫНША

 

Мемлекеттік бюджет шығыстары 97,7%-ке, республикалық 98,6%-ке, жергілікті бюджеттер 97,1%-ке атқарылды. 

Республикалық бюджеттің шығыстары есепті кезеңде
4 трлн. 340 млрд.теңгені құрады.

Бюджет қаражаты 62 млрд.теңгеге атқарылмады, оның
14 млрд.теңгесі үнемдеу болды.

Игерілмеу сомасы 48 млрд.теңгені құрады.

Мемлекеттік органдардың игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ және уақтылы өткізбеу, қазынашылық органдарына тіркеуге шарттар мен қосымша келісімдерді кеш ұсыну, шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, сотта мемлекеттің мүддесін қорғау жөніндегі талап-арыз жұмыстарын жүргізу.

 

 

 

 

Нақтыланған бюджетте дағдарысқа қарсы шараларға
1 трлн.180 млрд.теңге қосымша қарастылды.

Бұл соманың 70%-ті жергілікті бюджеттерге «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, «Ауыл-Ел бесігі», Бизнестің Жол картасы аясында кәсіпкерлердің жобаларын субсиядалауға және кепілдендіруге, агроөнеркәсіп кешенін субсиядалауға көзделген.

Барлық қажетті бюджеттік процедуралар жүзеге асырылды.

Мемлекеттік сатып алулар жеңілдендірілген процедуралар арқылы жүргізілуде.

Есепті кезеңде осы қаражаттың 29 млрд.теңгесі игерілді.

Осы шығыстардың игерілу барысы қатаң бақылауда болады.

 

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 1 трлн. 812 млрд.теңгеге игерілді.

54 млрд.теңге орындалмады.

Ағымдағы жылы өңірлерге 2 трлн. 336 млрд.теңге нысаналы трансферттер қарастырылған.

Алдын ала деректер бойынша 1-ші мамырға оларға 338 млрд.теңге бөлінді.

Оның 95,6%-і игерілді немесе 323 млрд.теңгесі.

Орындалмау сомасы 15 млрд.теңгені құрады.

Оның 1,3 млрд.теңгесі бюджет қаражатын үнемдеу, 13,7 млрд.теңгесі - игерілмеу.

Ең көп игерілмеген қаражат келесі өңірлерде қалыптасты: Алматы қ. 4,3 млрд.теңге, Нұр-сұлтан қ. 2,1 млрд.теңге, Павлодар облысында 2 млрд.теңге, Шымкент қ. 1,9 млрд.теңге, Батыс Қазақстан облысында 1,3 млрд.теңге.

 

 

 

МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ БОЙЫНША

 

Өткен 4 айда камералдық бақылаумен жалпы сомасы 5 трлн. 756 млрд.теңгеге 890 мың мемлекеттік сатып алу процедуралары қамтылды.

Тексеру қорытындысы бойынша 436 млрд.теңгеге бұзушылықтардың алды алынды.

653 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді.

Аудитпен 296 млрд.теңгеге бюджет қаражаты қамтылды. Нәтижесінде 92 млрд.теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың 86 млрд.теңгесі тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есеп бойынша көрсету жолымен жойылды.

Жүргізілген аудиторлық шаралардың нәтижелері бойынша аудит объектілерінің қызметтерін жетілдіруге 586 ұсыныс берілді. Олардың 432-сі орындалды.

 

Назарларыңызға рақмет!