
Үкімет елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға 5,9 трлн. теңге бағыттайды.
Бұл қаражат республикалық бюджет есебінен – 3,4 трлн. теңгеге және бюджеттен тыс қаражат есебінен – 2,5 трлн. теңгеге қамтамасыз етілді.
Негізінен шығындар халықты жұмыспен қамтуды ұлғайтуға, ай сайынғы кірістерді жоғалтуына байланысты төлемдерге, әлеуметтік төлемдерге, тұрғын үй құрылысына және Мемлекет басшысының басқа да тапсырмалары бойынша бағытталған.
Атап айтқанда, Жұмыспен қамтудың жол картасын қаржыландыруға 1 трлн. теңге қарастырылған. Оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен – 300 млрд. теңге, бюджеттен тыс қаражат – 700 млрд. теңге. Осы қаражат шеңберінде өңірлерде инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып, 255 мың жұмыс орны құрылады.
Айналым капиталын жылдық 8%-тпен жеңілдікпен несиелеу және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жылдық 6%-тпен жеңілдікпен несиелеуді ұлғайту шеңберінде 1 трлн. теңге бюджеттен тыс қаражат қарастырылған.
4,5 млн. адам екі ай ішінде 42,5 мың теңге мөлшерінде төлемдер алуда. Бұл мақсатқа 370 млрд. теңге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан көзделген.
Тұрғын үй құрылысын 15 млн.ш.м жеткізу үшін қосымша 390 млрд. тг бюджеттен тыс көздерінен тартылады.
Республикалық бюджеттің салық кірістерінің төмендеуін өтеуге және тиісті мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындауға 1,7 трлн. теңге бөлінеді.
Экономиканың зардап шеккен секторларындағы шағын және орта бизнес субъектілері мен ірі бизнес өкілдерінің еңбек ақы төлеу бойынша салықтар мен алымдарды төлеуден босатуға байланысты жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеуге 237 млрд. теңге қарастырылған.
313 млрд. теңге әлеуметтік төлемдердің (зейнетақылар, жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек) 10%-ке дейін қосымша индекстеуге, стипендияның деңгейін арттыруға және тұрғындардың коммуналдық қызметтерінің ақысын төлеуге жұмсалады.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, «Еңбек», «Бизнестің жол картасы – 2025», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламаларды кеңейтуге 240 млрд. теңге қарастырылған
Эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 125 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде медициналық және басқа қызметкерлерге қосымша ақы төлеу, халықтың аз қамтылған топтарына азық-түлік,тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз ету қарастырылған.
575 млрд. теңге қосымша шығыстар азаматтар мен экономиканы қолдауға, оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға бағытталады.
Осы қаражаттар шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласындағы үлестік құрылыстың проблемалық объектілерін аяқтауға арналған шығыстар, айырбас бағамының өзгеруіне байланысты шығыстар және басқа да шығыстар көзделген.