«Шоттардың бірыңғай жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары–Қаржы министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық) мемлекеттік, экономикалық және қаржылық қызметті талдауды жеңілдетуге мүмкіндік беретін бухгалтерлік және бюджеттік есепті біріздендіру бөлігінде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 116-1-бабының 2-тармағымен тармақты іске асыру мақсатында әзірленген.
Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.
Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) 2023 жылдың 19 қыркүйекте орналыстырылды.
Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау өткізу мерзімі – 2023 жылдың
3 қазанына дейін.