Қаржы министрлігінде Біріккен Вена институтының өкілдерімен одан әрі ынтымақтастық туралы талқыланды

Қаржы министрлігінде Біріккен Вена институтының өкілдерімен одан әрі ынтымақтастық туралы талқыланды

Қаржы министрлігіне Біріккен Вена институтының директоры Эрве Жоли және Халықаралық Валюта қорының Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия елдеріне арналған өңірлік бөлімшесінің Алматыдағы директоры Норберт Функе құрамындағы делегациясы келді.Кездесуге Министрліктің және оның комитеттерінің қызметкерлерді оқытуға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жауапты кадр қызметтерінің басшылары қатысты.Аппарат басшысы Ерғали Егемберды Қаржы министрлігі қызметкерлерінің кәсіби дамуына қосқан құнды үлесі және ынтымақтастықты тереңдетуге белсенді қатысқаны үшін Эрве Жоли мырзаға алғысын білдірді.Эрве Жоли мырза Қаржы министрлігі өкілдерінің Біріккен Вена институтының оқу іс-шараларына қатысуының маңыздылығын және практикалық оқу курстары мен семинарлардың спектрін кеңейтуге дайындығын атап өтті.Тараптар сондай-ақ қызметкерлердің әлеуетін одан әрі дамыту мен іске асыру жөнінде пікір алмасты және одан әрі ынтымақтастыққа сенім білдірді.